Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Астанада 35 мұқтаж отбасыға азық-түлік таратылды

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры zeket.online 16.01.2025 1385 0 пікір
Астанада 35 мұқтаж отбасыға азық-түлік таратылды

Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығы мен қасиетті Ережеп айының құрметіне орай «Тайқазан» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ар-Рахман» мешітінде өткен игі шарада аз қамтылған, көп балалы, асыраушысынан айырылған, ерекше балаларды өсіріп отырған 35 мұқтаж отбасыға азық-түлік себеттері таратылды. Игі шараға «Зекет және қайырымдылық» қорының маманы Әли Мырзақұлов, қордың Астана қаласы бойынша өкілі Нұрбол Қабланұлы, «Ар-Рахман» мешітінің имамы Жандос Сейдахметұлы қатысты.

Акция аясында мұқтаж жандар алғысын айтып, «Зекет және қайырымдылық» қоры мен «Ар Рахман» мешітінің жасап жатқан игі істеріне ризашылығын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру