
Ақтөбе қаласы «Ақжар» қайырымдылық мекемесінің (қарилар медресесі) директоры, ұстаз Бекжан қари Әлденовтің бірнеше жылдық Құран жаттау дәрісінен өткен медресенің алғашқы түлегі Құран Кәрімді толық жаттап шықты.
Ақтөбе облысының бас имамы Амантай Садиев орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде жамағат алдында жас қариға алғыс хат беріп, 200 000 теңге сыйақы табыс етті. Шәкірттің есімі – Хасан қари Серікұлы.
Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде айтылғандай, «Сендердің ең жақсыларың Құранды үйреніп оны басқаларға үйреткендерің» деген хадиске амал етіп жатқан 15-ке жуық шәкірт қазіргі таңда аталған қарилар орталығында Құран жаттап жатыр.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру