Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы, облыстық Дін істері басқармасының басшысы Қаһарман Рахметұлы, мен Ақпараттық талдау орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Рүстем Қырғиұлы Діни сауат ашу орталығындағы шәкірттермен кездесті.
Шәкірттердің білім алу жағдайымен, оқу процесімен танысқан дін саласының өкілдері білім ордасының жоспарларына қатысты тапсырмалар берді. Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы шәкірттерді сапалы білім алып, ұлт руханиятының игілігі жолында еңбек етуге шақырды.
«Дәстүрлі дініміз Исламда жас ұрпақтың санасына ізгіліктің дәнін сеуіп, жеткіншектерді «атаның баласы емес, адамның баласы» болуға баулу айрықша маңызға ие. Жалпы, жұртшылықтың соның ішінде жастардың дінге бет бұруының қоғам үшін пайдасы зор деп айтуға болады. Өйткені, иман ұялаған жерге ырыс, береке даритыны шындық» деп атап өтті Алтынбек Ұтысханұлы.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі
amin.kz
24.12.2024
3111
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру