Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Astana Hub»: Аз қамтылған отбасыларға ыстық ас таратылды

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры zeket.online 20.12.2024 2051 0 пікір
«Astana Hub»: Аз қамтылған отбасыларға ыстық ас таратылды

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының бастамасымен Астана қаласының «Пригород» шағын ауданында орналасқан «Astana Hub» қайырымдылық орталығында қасиетті жұма күнінің құрметіне әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы, асыраушысынан айырылған 100 отбасыға тегін ыстық ас таратылды.

Ыстық астың құрамына ыстық тамақ, нан, тәттілер мен сусын, жеміс жидек кірді. Өз кезегінде аз қамтылған, көп балалы, асыраушысынан айырылған отбасылардың мүшелері ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының қызметкерлеріне алғыстарын жаудырды.

Айта кетейік, бұған дейін «Пригород» шағын ауданында қасиетті жұма күнінің құрметіне тегін нан таратылып келген болатын.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру