Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркия: Кайсериде қазақ шәкірттерімен кездесу өтті

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 19.09.2026 46 0 пікір
Түркия: Кайсериде қазақ шәкірттерімен кездесу өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркия Республикасындағы өкілі, «Талаба» студенттер қауымдастығының Түркиядағы жетекшісі Абдурашит Қарабаев Кайсери қаласындағы Хасеки діни білім беру академиясында білім алып жатқан қазақ шәкірттерімен кездесті.

Биыл академияда Қазақстаннан келген 10 шәкірт діни білімін тереңдету мақсатында оқуын бастады.

Кездесуде Абдурашит Қарабаев ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, жаңа оқу жылына ізгі тілегін білдірді.

Жүздесуде шәкірттік кезеңнің маңызы, білім алудағы ықылас пен дұрыс ниет, алған білімді елге, дінге және қоғамға қызмет етуге бағыттау жайы сөз болды. Абдурашит Қарабаев шәкірттерді уақытты тиімді пайдалануға, ұстаздардың тәлімін алуға, білімді амалға асыруға және жауапкершілікпен ізденуге шақырды.

Кездесуге Қазақстаннан келген шәкірттермен қатар, Түркияға биыл діни білім алуға келген Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Моңғолия және Сирия азаматтары да қатысты.

Халықаралық ортада білім алып жатқан шәкірттердің өзара тәжірибе алмасуы мен бауырластық қарым-қатынасының маңызы атап өтілді. Сонымен қатар әр елден келген жастардың халықтар арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтатын рухани көпір болуына назар аударылды.

Жиында Хасеки академиясында бұған дейін білім алып келе жатқан аға шәкірттер мен оқуын тәмамдап, елге оралған ұстаздар да сөз сөйлеп, жаңа келген жастарға оқу үдерісі, шәкірттік тәртіп және Кайсеридегі білім алу тәжірибесі жөнінде ақыл-кеңестерін айтты.

Кездесу соңында қатысушылар жаңа оқу жылына сәттілік тілеп, шәкірттерге білім жолында табыс пен береке тіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру