Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Абдулазиз қажы Закиров Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына Маңғыстау облысында қаза болған сарбаздарға байланысты қайғырып, көңіл айтты.
Бұл туралы Қырғызстан мүфтиятының ресми сайты хабарлады.
«Қырғызстан мұсылмандарының, Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының және жеке өз атымнан Маңғыстау облысында әскери жаттығу кезінде орын алған қайғылы оқиға салдарынан әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты Сізге, бауырлас Қазақстан халқына, марқұмдардың отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын.
Бұл ауыр қаза бауырлас Қазақстан халқының ғана емес, күллі қырғызстандықтардың да қабырғасын қайыстырды. Отан алдындағы әскери міндетін атқару кезінде қаза болған қызметшілердің отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, оларға сабыр мен төзім тілейміз.
Алла Тағала қаза болған марқұмдарды Өзінің шексіз рақымына бөлеп, артында қалған ата-аналарына, отбасы мен туған-туыстарына және барша Қазақстан халқына сабыр берсін.
Қасиетті Құранда: «Расында, біз Аллаға тәнбіз әрі Оған қайтушымыз» («Бақара» сүресі, 156-аят) деп баяндалған.
Осы қаралы күндерде Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасы бауырлас Қазақстан халқының қайғысына ортақтасатынын білдіремін.
Алла Тағала Қазақстан жерін түрлі апаттар мен қайғы-қасіреттен сақтап, елімізге тыныштық, халқымызға амандық берсін.
Терең қайғырып көңіл айтамын» делінген көңіл айту жеделхатында.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
26.09.2026
18
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру