Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ДАҒЫСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МУФТИЯТЫ КӨҢІЛ АЙТУ ЖЕДЕЛХАТЫН ЖОЛДАДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 28.09.2026 172 0 пікір
ДАҒЫСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МУФТИЯТЫ КӨҢІЛ АЙТУ ЖЕДЕЛХАТЫН ЖОЛДАДЫ

Ресей Федерациясы, Дағыстан Республикасының Муфтияты қазақ еліне Маңғыстау облысында қаза болған сарбаздарға байланысты қайғырып, көңіл айтты. 

«Дағыстан Республикасының Муфтияты Қазақстанда орын алған соңғы қайғылы оқиға салдарынан қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша бауырлас Қазақстан халқына шын жүректен көңіл айтады.

Орын алған жағдай туралы хабарды қайғыра мұңмен қабылдадық. Осы қиын күндерде қаза болғандардың отбасыларының қайғысына ортақтасып, барша Қазақстан халқымен бірге жазықсыз қаза тапқандар үшін дұғадамыз.

Бізге, Дағыстан тұрғындары үшін, Қазақстан халқы - бауырлас халық. Сондықтан оның қайғысы бізді бейжай қалдырмайды.

Алла Тағала қаза болғандарға рақымын жаудырып, күнәларын кешіріп, жәннаттан орын нәсіп етсін. Олардың туған-туыстары мен жақындарына Алла сабыр беріп, жүректерін бекем етсін және қайғыларын жеңілдетсін.

Алла Тағаладан бейбітшілік пен тыныштықты сақтап, адамдарға қауіпсіздік пен амандық беруін және мұндай қайғылы оқиғалардың қайталануына жол бермеуін тілейміз.

Қасиетті Құранда: «Расында, біз Аллаға тәнбіз әрі Оған қайтушымыз» («Бақара» сүресі, 156-аят)» делінген көңіл айту жеделхатында.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру