HALAL INDO 2026 халықаралық көрме аясында қазақстандық делегация Индонезия Республикасында халал индустриясы саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірқатар екіжақты кездесу өткізді.
Кездесулерге ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ермек Мұқатай, «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, Қазақстан Республикасының Индонезиядағы Елшісі Сержан Әбдікәрімов және Қазақстанның Индонезиядағы Елшілігінің кеңесшісі Арнұр Таңбай қатысты.
Делегация Индонезияның Ұлттық шариғат экономикасы және қаржы комитетінің (KNEKS), Индонезия Ғұламалар мәжілісі кеңесінің (MUI) және Халал өнімдерді кепілдендіру агенттігінің (BPJPH) басшылығымен келіссөздер жүргізді.
Тараптар халал өнімдерді сертификаттау және реттеу тәжірибесімен алмасып, бірлескен жобаларды іске асыру, іскерлік байланыстарды кеңейту және өзара тиімді әріптестікті дамыту мүмкіндіктерін талқылады.
Кездесулер барысында Қазақстан мен Индонезияның халал индустриясы саласындағы өзара іс-қимылын одан әрі нығайту, тәжірибе алмасуды жалғастыру және болашақта өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою мәселелері қаралды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар белгіленген бағыттар бойынша жұмысты жалғастыруға уағдаласты.
Көрме аясында Қазақстанға арнайы бөлінген алаңда еліміздегі халал индустриясының қалыптасуы мен даму деңгейі, негізгі өндіріс бағыттары, отандық халал сертификаттау жүйесі, сондай-ақ халал өнімдерді экспортқа шығару және импортты қабылдау бағыттары туралы ақпарат ұсынылды.









ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
26.09.2026
68
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру