Бүгін Әзербайжанға жұмыс сапарымен барған түркі мемлекеттері мүфтилері әзербайжандық ойшыл, көрнекті ғалым әрі рухани ұстаз шейх Сейид Яхия Бакувидің кесенесін зиярат етіп, ғұламаның рухына қасиетті Құран аяттарын бағыштады.
Қасиетті Құран батасын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жасады.
Айта кетсек, Сейид Яхия Бакуви – Әзербайжан топырағында дүниеге келіп, күллі түркі-мұсылман өркениетінің рухани кеңістігіне ықпал еткен көрнекті тұлға. Ол XV ғасырда өмір сүріп, ғылым мен руханиятты, білім мен тәрбиені, адамның ішкі кемелденуі мен қоғамдық жауапкершілікті өзара сабақтастырған ойшылдардың бірі болды.
Ертең Баку қаласында Түркі мемлекеттері ұйымы Мүфтилер алқасының жетінші мәжілісі өтеді. Алқалы жиында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы баяндама жасайды. Сондай-ақ Мүфтилер алқасының жұмыс жоспарына сәйкес, түркі мемлекеттері мүфтилері бірқатар құжаттар мен бірлескен мәлімдемелерге қол қоюды деп күтілуде.











ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
13.09.2026
408
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру