Түркия Республикасы. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркия Республикасындағы өкілі Абдурашит Зиядинұлы бауырлас елге жаңадан оқуға келген отбасылы студенттерге арнап арнайы қарсы алу шарасын өткізді.
Қалалық саябақтардың бірінде ашық аспан астында жайылған берекелі дастархан басында өткен жүздесуге жаңадан оқу түскен білімгерлер мен олардың отбасылары қатысты. Басқосудың басты мақсаты — жат жұртта білім алуға келген отандастарымызға рухани қолдау білдіріп, бауырластық пен ауызбіршілікті нығайту.
Кездесуде өкіл Абдурашит Зиядинұлы студенттерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, білім жолындағы қадамдарына сәттілік тіледі. Сондай-ақ, Түркиядағы оқу процесінің ерекшеліктері, жергілікті заңнамалар мен студенттердің білуі тиіс маңызды құқықтық, әлеуметтік мәліметтер жан-жақты түсіндірілді.
Өз кезегінде жаңадан келген студенттер жылы қабылдау мен көрсетілген қолдау үшін Өкілдікке ақжарма алғыстарын білдіріп, көкейде жүрген сауалдарына тұшымды жауаптар алды.
Айта кетейік, ҚМДБ-ның шет елдердегі өкілдіктері шетелде білім алып жатқан қазақстандық студенттерге рухани әрі моральдық қолдау көрсету бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп келеді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
13.09.2026
41
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру