Қасиетті Арафат жазығында күні бойы құлшылық жасап, Жаратқаннан дұға тілеген қазақстандық 4000 қажы кешкі уақытта ардақты Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетіне сай Мұздалифа жазығына аман-есен жетіп, түнеуге жайғасты.
Қазақстан қажылық миссиясының өкілдері қажылардың қауіпсіз әрі рет-ретімен орналасуын жіті бақылап, қажетті ұйымдастыру жұмыстарын үйлестірді.
Мұздалифада түнеу – қажылық рәсімдерінің маңызды бөліктерінің бірі. Қажылар бұл жерде құлшылық жасап, дұға-тілектерін айтып, келесі рәсімдерге дайындалады.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
27.05.2026
48
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру