Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МИНА МЕН АРАФАТТАҒЫ ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 24.05.2026 193 0 пікір
МИНА МЕН АРАФАТТАҒЫ ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Бүгін Қазақстан қажылық миссиясының төрағасы, наиб мүфти Кенжетай Байкемелұлы бастаған миссия өкілдері 2026 жылғы қажылық маусымында отандастарымыз құлшылық жасайтын қасиетті Мина мен Арафат аймақтарындағы орындарды аралап, дайындық жұмыстарымен танысты.

Миссия мүшелері қажылық маусымында қазақстандық қажылар орналасатын шатырлар, жатын орындар, салқындату жүйелері, санитарлық аймақтар, намазханалар мен медициналық пункттердің жай-күйін тексерді. Сонымен қатар азық-түлік тарату және ас-сумен қамтамасыз ету орындарының дайындығына ерекше назар аударылды.

Қазақстан қажылық миссиясы отандастарымыздың қауіпсіздігі мен жайлылығын басты назарда ұстап отырғанын атап өтті.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру