Қасиетті Мекке қаласында Қазақстан қажылық миссиясының алғашқы жұмыс жиыны өтті. Басқосуға Қазақстан қажылық миссиясының төрағасы, наиб мүфти Кенжетай Байкемелұлы және миссия дәрігерлері мен өзге де жауапты мамандар қатысты.
Жиын барысында алдағы қажылық маусымына арналған арнайы жұмыс жоспары талқыланып, әр бағыт бойынша нақты міндеттер пысықталды. Миссия төрағасы Кенжетай Байкемелұлы қажыларға қызмет көрсетудің жауапкершілігіне тоқталып, әрбір миссия мүшесін өз ісіне ұқыптылықпен әрі жанашырлықпен қарауға шақырды.
«Қажыларымыздың құлшылықтарын дұрыс әрі алаңсыз орындауына жағдай жасау – біздің басты міндетіміз. Сондықтан әрбір қызметкер сабырмен, ықыласпен және жоғары жауапкершілікпен қызмет етуі керек», – деді миссия төрағасы
Сонымен қатар жиында ұйымдастыру, уағыз-насихат, ақпарат тарату, дәрігерлік көмек көрсету және пәтуа беру бағыттары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар сараланды. Айта кетейік, Қазақстан қажылық миссиясы өз жұмысын бес негізгі бағыт бойынша жүргізіп, отандастарымыздың жағдайы мен құлшылықтарының дұрыс орындалуын тұрақты бақылауда ұстайды.









ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.05.2026
55
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру