Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚАЗАҚСТАН ҚАЖЫЛЫҚ МИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ЖИДДАДАҒЫ БАС КОНСУЛЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 21.05.2026 171 0 пікір
ҚАЗАҚСТАН ҚАЖЫЛЫҚ МИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ЖИДДАДАҒЫ БАС КОНСУЛЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Қазақстан қажылық миссиясының төрағасы, наиб мүфти Кенжетай Байкемелұлы бастаған миссия өкілдері Қазақстан Республикасының Жидда қаласындағы Бас консулы Руслан Қоспановпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар биылғы қажылық маусымындағы ұйымдастыру жұмыстары, қазақстандық қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, медициналық қызмет көрсету және олардың сапарын барынша ыңғайлы ұйымдастыру мәселелерін жан-жақты талқылады.

Өз кезегінде Қазақстанның Жидда қаласындағы Бас консулы Руслан Қоспанов қасиетті сапарға келетін отандастарымызға жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Айта кетейік, биыл 4000 отандасымыз қажылық парызын өтейді.Оларға конкурстан өткен 14 туркомпания қызмет көрсетеді. Миссия тарапынан қажылықты ұйымдастыру жұмыстары толық бақылауға алынған.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру