Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ТҮРКИЯДАҒЫ «ХАСЕКИ» АКАДЕМИЯСЫН 24 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ШӘКІРТ ТӘМАМДАДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 12.05.2026 152 0 пікір
ТҮРКИЯДАҒЫ «ХАСЕКИ» АКАДЕМИЯСЫН 24 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ШӘКІРТ ТӘМАМДАДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркия Республикасындағы өкілі Абдурашит Зиядинұлы Конья қаласындағы «Хасеки» жоғары діни орталығының бітіру кешіне қатысты.

Салтанатты шарада орталық директоры, доктор Мехмет Жейхан құттықтау сөз сөйлеп, бітіруші шәкірттерге ақ жол тіледі.

Жиында Абдурашит Зиядинұлы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, биыл аталған оқу орнын 24 қазақстандық шәкірт сәтті тәмамдағанын атап өтті.

Кездесу соңында ол бітіруші түлектермен жүздесіп, елге қызмет ету – үлкен аманат екенін айтып, жас мамандарды халық игілігі жолында еңбек етуге шақырды.

Айта кетейік, Конья қаласындағы «Хасеки» академиясы — Түркиядағы беделді діни білім орталықтарының бірі.









Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру