Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Құран Кәрім хатымының дұғасы жасалды

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 18.03.2026 435 0 пікір
Қостанай: Құран Кәрім хатымының дұғасы жасалды

Қасиетті Рамазан айының аяқталуына орай Қадір түні облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Аталған шараға жамағат көптеп жиналып, мешіт іші лық толды. Бір ай бойы тарауих намазында оқылған Құран Кәрім хатымының дұғасы жасалды. Дұғаны облыстың бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиев пен Мұртаза қари Ертайұлы жүргізді.

Іс-шара барысында облыстың бас имамы Бектұрсын қажы Торғайбайұлы сөз сөйлеп, Рамазан айында жамағатқа қызмет көрсетіп, олардың алғысына бөленген қарилар – Темірлан қари Даниярұлы, Мұртаза қари Балахмет және жас қари Ералы Алматұлына ризашылығын білдірді. Қазақы дәстүрге сәйкес қариларға шапан жабылып, құрмет көрсетілді.

Сонымен қатар Қадір түні аясында жамағат арасында танымдық викториналық ойындар ұйымдастырылып, белсенді қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Шара барысында жамағатқа уағыз-насихат айтылып, сәресі дастарханы ұсынылды. Жиналған қауым рухани кештен тағылым алып, жоғары көңіл күймен тарқасты.




 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру