Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БІШКЕКТЕ ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫ МҮФТИЛЕР АЛҚАСЫНЫҢ VI МӘЖІЛІСІ БАСТАЛДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 11.09.2025 3136 0 пікір
БІШКЕКТЕ ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫ МҮФТИЛЕР АЛҚАСЫНЫҢ VI МӘЖІЛІСІ БАСТАЛДЫ

Бүгін Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Түркі мемлекеттері ұйымы Мүфтилер алқасының VI мәжілісі өз жұмысын бастады.

Алқалы жиынға Кавказ мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Шейхул-Ислам Аллашүкір Паша-Заде, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Түркия Дін істері басқармасының төрағасы Али Ербаш, Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, шейх Нуриддин қажы Холиқназар, Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Абдулазиз қажы Закиров, сондай-ақ Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Қуанышбек Касымұлы, дін ғалымдары, имамдар мен БАҚ өкілдері қатысуда.

Жиын барысында бауырлас елдердің Бас мүфтилері діни саладағы ынтымақтастықты арттыру, ортақ тәжірибе алмасу, рухани-ағартушылық бағыттағы жобаларды жүзеге асыру және бүгінгі күннің өзекті мәселелерін бірлесе шешу жолдарын талқылауда.







Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру