Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен Марокко Корольдігіне ресми сапармен барған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының делегациясы Фес қаласындағы әйгілі Қарауин университетінде болды. Сапар аясында делегация мүшелері университет жанындағы көне қолжазбалар сақталған орталықтың жұмысымен танысты.
Аталған орталықта көне мұраларды сақтап, қалпына келтіру бойынша жүргізіліп жатқан ғылыми-реставрациялық жұмыстармен таныстырылды. Қолжазбаларды өңдеу, сақтау, цифрландыру және қайта жаңғырту әдістері егжей-тегжейлі көрсетілді.
Университеттің арнайы қорында сақталған өзге де сирек кітаптар мен құжаттар ислам тарихынан, ғылым мен мәдениеттен мол мағлұмат береді. Қарауин университеті мұндай жәдігерлер арқылы өркениеттер сабақтастығын сақтап, келешек ұрпаққа жеткізуде маңызды рөл атқарып отыр.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
20.06.2025
1382
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру