Түркия астанасы Анкара қаласында Қазақстанның ұлттық мерекесі – Республика күніне арналған салтанатты қабылдау кеші өтті.
Оған зиялы қауым мен шетелдік дипломатия өкілдері, сонымен қатар Түркияда тұратын қандастарымыз және ҚМДБ-ның Түркия Республикасындағы өкілі, «Талаба» студенттер қауымдастығының басшысы Абдурашит Карабаев болды.
Қазақстанның Түркиядағы елшілігі ұйымдастырған мерекелік іс-шарада екі елдің өкілетті елшісілерімен бірге ұлы түрік елінің парламент мәжіліс депутаттарының құттықтауларымен қатар қазақ өнерпаздары ән-күйден шашу шашты. Кештің тағы бір ерекшелігі қазақы дастарқан да жайылып, қазақ халқының ұлттық тағамдары ұсынылды.
«Бұл айтулы күн – еліміздің игілігі мен баға жетпес құндылығын айшықтай түскендей. Сол себепті бұл күннің мән-маңызын жас ұрпаққа көбірек дәріптеп, ұлттық рухты асқақтататын, айбынымызды асыратын іс-шаралар ұйымдастырып, жоғары деңгейде атап өтуілуі шарт. Себебі дана халқымыз айтқандай, «Отан отбасынан басталады». Алла Тағала Отанын шын шын сүйіп, еліне адал қызмет ететін патриотты ұрпақтар нәсіп етсін!» дейді «Талаба» студенттер қауымдастығының басшысы Абдурашит Карабаев.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру