Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ДИЛ ЖАНЫНДАҒЫ ИСЛАМ ФИҚҺ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ 23-ОТЫРЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 22.04.2024 581 0 пікір
ДИЛ ЖАНЫНДАҒЫ ИСЛАМ ФИҚҺ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ 23-ОТЫРЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Сауд Арабия Корольдігінің астанасы Эр-Риядта Дүниежүзілік Ислам Лигасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан Ислам фиқһ академиясының 23-отырысы аяқталды.

Лиганың Бас хатшысы мәртебелі доктор Мұхаммед бен Абдул Карим Әл-Иса барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, жиында көтерілген маңызды мәселелерге қатысты ғалымдарға сөз беріп, пікір алмасты. Жиында негізінен заманауи сұрақтар көтерілді.

Академия отырысына әлемнің 60 елінен дін ғалымдары мен мүфтилер қатысты. Ислам фиқһ академиясының мүшелігіне өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, жиын соңында ғалымдармен сұхбаттасты. Ал бүгінгі отырыста айтылған маңызды мәселелердің шешімі жуық арада жарияланады деді Бас хатшы.

Еске салайық ертең Эр-Риядта Дүниежүзілік ислам лигасы Жоғары кеңесінің 46-отырысы өтеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру