Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МЕККЕДЕГІ ҚАЖЫЛАР ЕЛІМІЗ ҮШІН БІР МЕЗЕТТЕ ДҰҒА ЖАСАДЫ

muftyat.kz 04.04.2024 557 0 пікір
МЕККЕДЕГІ ҚАЖЫЛАР ЕЛІМІЗ ҮШІН БІР МЕЗЕТТЕ ДҰҒА ЖАСАДЫ

«Қажылық-2024» маусым шараларын ұйымдастыру жұмысымен Сауд Арабия Корольдігіне іссапармен барған ҚМДБ делегациясы ұмрада жүрген отандастарымызбен бірге Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен өткен «Бір мезетте бір дұға» шарасына үн қосты.

Жиын басында ҚМДБ Қажылық миссиясының жетекшісі Ершат Ағыбайұлы қажыларға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, Рамазан айымен құттықтады. Қасиетті Құран аяттары оқылып, еліміздегі су тасқынына байланысты Алла Тағаладан жәрдем сұрап, дұға жасады. Қажылар бір мезетте еліміздің амандығы мен тыныштығын тіледі.

Сондай-ақ қасиетті Рамазан айының соңғы он күндігінде ұмра қажылығына барған отандастарымызға Стратегиялық даму және талдау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сүйерқұлұлы уағыз-насихат айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру