Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ДІНИ БАСҚАРМАНЫҢ ТҮРКИЯДАҒЫ ӨКІЛІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 09.03.2024 2161 0 пікір
ДІНИ БАСҚАРМАНЫҢ ТҮРКИЯДАҒЫ ӨКІЛІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров пен Халықаралық байланыс және хаттама бөлімінің меңгерушісі Марат Бектазинов Қазақстан Республикасының Ыстамбұл қаласындағы Бас консулы Нуридин Аманқұлмен кездесті.

Кездесуде бөлім меңгерушілері ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен тағайындалған Түркия Республикасындағы «Талаба» студенттер қауымдастығының жаңа жетекшісі Абдурашид Қарабаевты таныстырды. Сондай-ақ Діни басқарманың 2024 жылы атқаратын жұмыстары тілге тиек етілді. Одан бөлек, діни бағытта білім алушы қазақстандық шәкірттер жайы да талқыланды.

Өз кезегінде Бас консул ҚМДБ тарапынан тағайындалған жаңа өкіл Абдурашид Қарабаевқа сәттілік тіледі.

Абдурашид Қарабаев – жоғары білімді, білікті дін қызметкері. Алматы, Орал қалаларында имамдық қызмет атқарған. Қазіргі таңда Түркияның Конья қаласындағы «Нежметтин Ербакан» университетінде докторантурада білімін жалғастыруда.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру