Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Өмірге үміт сыйла» жобасын таныстырды

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры zeket.online 08.01.2024 878 0 пікір
«Өмірге үміт сыйла» жобасын таныстырды

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы Түркия Республикасына сапары барысында Анкара қаласындағы  орталық Онкология ауруханасының басшысы Февзи Алтыншашпен кездесті.

Кездесуге Діни басқарманың осы елдегі өкілі, «Талаба» қауымдастығының жетекшісі Жандос Айтбай қатысып, «Өмірге үміт сыйла» қайырымдылық жобасы жөнінде сөйлесті.

«Қазіргі таңда елімізде түрлі ауыр дертке шалдыққан отандастырымыздың шет ел асып, ем іздейтін мемлекетінің бірі – Түркия. ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры сондай ауыр сыртқа шалдыққан азаматтарды қолдау мақсатында «Өмірге үміт сыйла» жобасын бірнеше бағытта жүзеге асырып келеді. Соның бірі – жиналған қаражатты науқастардың еміне, отасына жұмсау» деп атап өтті Мақсатбек Мақсотұлы.

Қор директоры Онкология ауруханасының басшысы Февзи Алтыншаш мырзадан Қазақстаннан келетін ауыр науқастарға ем-шара ақысын төлеуде жеңілдік қарастыруды сұрады.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру