Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ХАЛАЛ ДАМУ: БЕЛАРУСЬ ЕЛІНДЕГІ ӘРІПТЕСТЕРІМЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

halaldamu.kz 01.12.2023 946 0 пікір
ХАЛАЛ ДАМУ: БЕЛАРУСЬ ЕЛІНДЕГІ ӘРІПТЕСТЕРІМЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен «Халал Даму» мекемесінің директоры Айбек Асқарбекұлы Беларусь Республикасына арнайы іссапармен барды.

Іссапар барысында ол «Белхаляль» халал стандарттау және сертификаттау директоры Рустам Александоровичпен кездесіп, халал саласындағы ауқымды іс-шараларды, озық жобаларды, күрделі мәселелерді талқылады.

Кездесу барысында тараптар екі елдегі халал индустриясының жай-күйі жайлы пікір алмасты. Сонымен қатар, шет елдік аккредиттеуден бірлесе өту, халал өнімді халыққа кеңінен насихаттау, әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті халал кәсіпорындар санын арттыру, екі елдің халал стандарттау және сертификаттау жүйесінде өзара тәжірибе алмасу, мамандардың білімін жетілдіру секілді бірқатар мәселелер талқыланып, ортақ мүдде мен мақсат үшін бірлесіп қызмет етудің маңыздылығына тоқталды.

«Біздің мақсатымыз – халал саласын насихаттау, отандық халал өнім импорты мен экспортын жандандыру, халал стандарттау саласындағы білікті ұйымдармен ортақ жобалдарды жүзеге асыру», – деп атап өтті Айбек Асқарбекұлы. Өз кезегінде, «Белхаляль» басшысы: «Бас мүфтидің бастамасымен ұйымдастырылған «HALAL EXPO 2023» көрмесіне шақырғандарыңызға алғысымды білдіремін. Көрме өте жоғары деңгейде өтті. Көрме барысында үлкен тәжірибе жинақтап, алдағы уақытта мұндай ауқымды, халықаралық жобаларды Беларусь жерінде өткізуге қызығушылық танытып отырмыз», – деді. Сонымен қатар, шариғат талабы – халал жолында аянбай еңбек етіп жатқан діни басқарма қызметкерлері мен «Халал Даму» ұйымына алғысын білдіріп, екіжақты байланысты одан әрі нығайтуға, бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.

Сонымен қатар, іссапар барысында Айбек Асқарбекұлы Беларусь Республикасындағы халал стандарты бойынша сертификатталған кәсіпорындарға барып, шет елдік әріптестердің аудит жүргізу барысымен танысты. Кәсіпорын қызметкерлеріне семинар өткізіп, мамандармен өзара тәжірибе алмасты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру