Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Имам халықаралық конференцияға қатысты

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі akmechet.kz 30.09.2022 1750 0 пікір
Қостанай: Имам халықаралық конференцияға қатысты

Жуырда Ресей Федерациясының Троицк қаласында өткен «Ислам Ресейдің тарихы және қазіргі заманғы өмірінде» халықаралық конференциясына Қостанай өңірінен Қарабалық аудандық «Ғашура ана» мешітінің бас имамы Серік Рахым қатысып келді.

Челябі облысы әкімшілігі ұйымдастырған шараға әлемнің 18 елінен делегаттар қатысты. Бұл маңызды басқосу осымен 11-ші рет өткізілді. 2012 жылы алғаш рет Орталық Ресей мұсылмандарының мүфтиі, шейх Талғат хазірет Таджуиддиннің бастамасымен ұйымдастырылған-ды.

Мұсылман әлеміне Зайнулла хазіреттің есімі белгілі. Бұл шаһарда «Расул» оқулары шарасын өткізу дәстүрге айналды. Оған жер шалғайлығына қарамастан қаншама дін жанашырлары қатысып келеді.  

Троицк біздің ағайындарға бұрыннан таныс. Көптеген зиялы қауымдар жоғарыда аталған қалада білім алып, руханиятқа ден қойды. Оның арасында биыл мерейтойын атап өткен қазақтың тұңғыш журналисі, көрнекті тұлға Мұхамеджан Сералин де бар. Кезінде оның «Айқап» журналын шығарғаны жұртшылыққа мәлім.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру