Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Халал Даму» мамандары ресейлік әріптестермен тәжірибе алмасты

halaldamu.kz 20.06.2022 1728 0 пікір
«Халал Даму» мамандары ресейлік әріптестермен тәжірибе алмасты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастамасымен екі ел арасындағы ынтымақтастықты арттыру, өзара тәжірибе алмасу, әріптестікті қолдау мақсатында «Халал Дамудың» бас сарапшы технологтары Жанар Мұратқызы мен Айжан Қалмаханқызы Мәскеу қаласында орналасқан Ресей мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Халал сертификаттау орталығында» үш күндік тәжірибе алмасу бағдарламасына қатысып, ресейлік кәсіпорындарда аудит жүргізу тәртібі, сертификаттау барысымен танысты.

«Жаһандану заманында қызметкерлердің біліктілігін арттыру, маманның кәсіби өрлеуі – ұйым қызметін жандандыруда аса қажет. Осы орайда, екі жақты келіссіөз негізінде РМДБ «Халал Сертификаттау орталығы» мамандарымен бірлескен тәжірибе алмасу шараларын қолға алып, мамандарымызды Мәскеу қаласына жіберген болатынбыз. Ресейлік әріптестер өткізген біліктілікті арттыру әрі тәжірибе алмасу шаралары үш күнге созылады. Бұл мерзімде біздің мамандарымыз «Халал тағамға қойылатын жалпы талаптар» және «Халал сертификаттау органдарында сәйкестіктің бағалануы», «Аудит жүргізу талабы мен тәртібі» бойынша дәріс тыңдап, практикалық бақылау-қадағалау шараларына қатысты. Нәтижесінде, «Эксперт аудитор» мамандарымыз Ресей аумағында орналасқан бірнеше халал кәсіпорынның өндіріс технологиясымен танысып, кәсіби біліктіліктерін шыңдады», – деген Айбек Асқарбекұлы бұл отандық халал индустриясының дамуы мен өркендеуі, халал стандарттау және сертификаттау саласының жандануы үшін жасалып маңызды қадамдардың бірі, әрі екі елдің діни басқармалары арасындағы өзара тығыз байланыстың көрінісі екендігін жеткізді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру