Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ МЫСЫРДЫҢ УАҚЫП МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 07.06.2022 1671 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ МЫСЫРДЫҢ УАҚЫП МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Мысыр Араб Республикасындағы жұмыс кестесіне орай осы елдің Уақып министрі Мұхаммед Мұхтар Жұмамен кездесті. Кездесуде екі ел арасындағы уақыпты дамыту мәселесі сөз болды.

«Қазіргі таңда Нұр-Мүбарак университеті білім саласында үлкен жұмыстар атқаруда. Өзіңізге осындағы студенттерге көрсетіп жатқан қамқорлықтарыңыз үшін ерекше алғыс айтамын. Біздің екі ел арасындағы тарихи, бауырластық байланысты жаңғырту бойынша көп қолдау көрсетіп келесіз. Нұр-Мүбарак университетіндегі ұстаздарға, діни кадрлар дайындауда сіңіріп жатқан еңбектеріңізге алғыс білдіреміз. Біздің елде студенттерге дәріс беріп жатқан барша мысырлық ұстаздарға ерекше алғыс айтамын. Біздің елге арнайы қонақ болып келіңіз. Өзіңізді арнайы шақырамын» деді Бас мүфти.

Өз кезегінде Мұхаммед Мұхтар Жұма Бас мүфтиді жылы қабылдап, әркез қолдау көрсететінін жеткізді. «Екі елдің рухани байланысына атсалысамыз. Ұстаздарымызды өздеріңіз де қолдап келесіздер. Біздің елге жасаған сапарыңыз оңынан болсын. Бүгінгі конференцияда айтқан ой-пікірлеріңізді қолдаймыз» деді Уақып министрі. 

Кездесу барысында Мысыр Араб Республикасындағы Төтенше және өкілетті елші Қайрат Лама Шариф те ортақ жобаларға демеу көрсетуге даяр екенін айтты. Кездесу соңында Бас мүфти министрді елімізге Дәстүрлі дін лидерлерінің съезіне шақырды. Мұхтар Жұма қонақ боп келетінін мәлімдеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру