Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ҚАЗАНДА ЖАҢА МЕШІТТІҢ ІРГЕТАСЫН ҚАЛАУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 20.05.2022 2316 0 пікір
БАС МҮФТИ ҚАЗАНДА ЖАҢА МЕШІТТІҢ ІРГЕТАСЫН ҚАЛАУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

Бүгін Татарстан астанасы Қазан қаласында Еділ Бұлғарының Исламды қабылдағанына 1100 жыл толуына орай 10 мың адамға арналған зәулім жаңа мешіттің іргетасын қалау рәсімі өтті.

Игі іс-шараға Татарстан Президенті Рустам Минниханов, аталған елдің бұрынғы Президенті Минтимер Шаймиев, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, сонымен қатар мұсылман мемлекеттерінің мүфтилері қатысты.

Президент Рустам Минниханов мешіт құрылысын жүргізу үшін арнайы қор ашылғанын, кез-келген адам қорға қаражат аудару арқылы сауапты іске үлес қоса алатынын атап өтті. Сонымен қатар игі іс-шараға келген дін қайраткерлері мен мұсылман жамағатына алғыс білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру