Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Хира үңгірі жанынан мәдени орталық ашылады

islam.kz 28.06.2020 1193 0 пікір
Хира үңгірі жанынан мәдени орталық ашылады

Қасиетті Мекке шаһарының басшылығы тарихи мәні мен маңызы зор Хира үңгірі орналасқан Нұр тауының етегінен мәдени орталықтың құрылысын жүргізуді жоспарлап отыр. Бұл жайында Saudi Gazette ақпарат көзі мәлім етті.

Меккенің басшысы Мұхаммед әл-Кубайкас бұл бағыттағы жұмысты алдымен тау мен оның маңайын граффитиден, құбырлардан, жазулардан, т.б. тазартудан бастайтынын жария етті. Болашақ мәдени орталықта қасиетті Мекке қаласы мен Хира үңгірі туралы құжатталған шынайы ақпараттар мен деректер сақталады, жұртшылық назарына ұсынылады.

Хира үңгірі – исі мұсылман қастер тұтатын, қасиетті сапарға аттанған қажылар соқпай кетпейтін орынның бірі. Мұхаммед Мұстафа  (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбар болмай тұрып оңашаланған орын әрі пайғамбарлық миссиясы жүктелген үңгір. Нұр тауы қасиетті Қағбадан 4 шақырым алыста орналасқан. Таудың биіктігі – 640 метр. Шыңына жаяу көтерілуге екі сағаттай уақыт кетеді. Хира үңгірі таудың солтүстік-шығысында орналасқан.

Jabl-e-noor visitor center

 

Файл:Jabal Nur.JPG — Википедия

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі