Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазір

25 Маусым 2026

10 Мұхаррам 1448 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

Тәжірибе: Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ұнатқан жануар – адамның ең жақын досы

21.04.2017 6229 0 пікір

Мысықтар – адамға берілген, сүйікті үй жануары. Американың Орегон штаты университетінің ғалымдары осы деректі дәлелдеді.

Тәжірибе барысында мысық пен ит кезегімен бір бөлмеде ешқандай ас-тамақсыз, ойыншықсыз және ешбір адамсыз жалғыз қалдырылады. Соңынан бөлмеге кезегімен тамақ, ойыншық әкелінеді және бір адам кіргізіледі.

Тәжірибе ерекше жағдайды көрсетті – әрбір екінші мысық тамақ пен ойыншықтан бұрын адамға жақындаған. Лайф ақпарат көзінің хабарлауынша, иттер де тест барысында осы секілді нәтиже көрсеткен.

Көпке мәлім, мысық Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын)  сүйікті жануары болған. Жануарлардың ішінде дәл осы мысықтарға ғана мешітке кіруге рұқсат етіледі.

ummet.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру