Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазір

25 Маусым 2026

10 Мұхаррам 1448 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзге дін өкілдерінің көзімен

15.02.2017 3879 0 пікір

Каир қаласында Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) туралы өзге дін өкілдері зиялыларының пікірлері жинақталған ерекше кітап жарық көрді.

Almesryoon.com порталының хабарлауынша, жаңа кітап ақпан айының басында шыққан. 300 беттік кітапта әлемге белгілі тұлғалардың, оның ішінде еуропалық шіркеу қызметкерлері мен монахтардың 4000-нан аса пікірі жинақталған. Жинақ Хумайсара институты зерттеу орталығының тың ғылыми кітабы саналады.

Аталмыш кітаптағы мұсылман емес қайраткер тұлғалардың Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) туралы туралы тамаша ой-пікірлері оқырмандарды қайран қалдырады.

Сонымен қатар, кітапта жаңа Пайғамбар келетіні туралы Інжілде келтірілген мәтіндер де берілген. Терең мағыналы пікірлер қатарында Эдвард Рэмси, Вольтер, Альфонс де Ламартин, Бернард Шоу, Наполеон, Гёте және Аннемари Шиммель сынды әлем таныған тұлғалар қамтылған.

ummet.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру