Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Венецияда Ислам мұражайы ашылмақ

05.02.2014 4296 0 пікір

Италияның тарихи қаласы – Венецияда ислам мұражайын салу жөнінде келісім-шарттар жасалған. Бұл туралы islamnews.ru Италиядағы ANSA ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етті. 

Италияның премьер министрі Энрико Летта Катарға барған сапарында «Италияның ислам мұражайын Венецияның бас көшелерінің бойында тұрғызуға құлықты екенін мәлімдеген. Сондай-ақ Біріккен араб әмірліктерінде өткен баспасөз конференциясында аталмыш жобаның эмират билігімен талқыланғанын да баяндаған болатын. 

Венеция мыңдаған жылдар бойы Таяу Шығыспен байланысын үзбегені мәлім. 9 ғасырда Батыс Еуропаның сауда орталығы болғаны да әмбеге аян. Ол кезде Сирия мен Палестинанның жері Византия империясының құрамына кіретін. 15 ғасырда Византия Венеция жұртшылығының қолдауына ие болған Ислам халифатына орын берді. Орта ғасырларда Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкада венециандық дукат халықаралық валюта қызметін атқарды. Сондай-ақ, Венеция - шығыс тауарларының жәрмеңкесі өтетін бірегей орын болғаны да тарихтан мәлім. Осылайша Венеция ислам әлемімен байланысын әлі күнге жалғастырып келеді.

e-islam.kz

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру