Түркістан облысы Жетісай аудандық «Нұғман» мешітінде ҚМДБ РАНТ мүшесі, елордадағы «Нұр-Сұлтан» мешітінің ұстазы Темірлан Дарханұлының қатысуымен бірқатар діни іс-шара өтті.
Астанадан арнайы сапармен барған спикер алдымен жергілікті жамағатпен жүздесіп, «Исламда көрші ақысы және қоғамда қарым-қатынас әдебі» тақырыбында насихат айтты.
Сонымен қатар, «Шариғат және пәтуа» бөлімінің жоспарына сәйкес, аудан имамдарына Ханафи мәзһабындағы неке және оның шарттары, ҚМДБ тарапынан қабылданған отбасы мәселелеріне қатысты құжаттар бойынша семинар өткізіп, ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу соңында имамдардың сұрақтарына жауап берді.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Түркістан облыстық өкілдігі баспасөз қызметі
25.11.2026
50
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру