Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент мешіттерінде ағаш отырғызу акциясы басталды

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 24.11.2026 79 0 пікір
Шымкент мешіттерінде ағаш отырғызу акциясы басталды

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Шымкент қаласының мешіттерінде ағаш отырғызу шарасы өтуде. Игі бастаманы бүгін Абай аудандық Кенесары хан мешіті бастады. 

Шараға шаһардың Бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, Абай ауданының Бас имамы Мұхамеджан Естеміров, ардагер имам Бекайдар Әміре, наиб имам Ахметжан Керімбек, қалалық әжелер мектебінің жетекшісі Қалдыкүл Жұмабекқызы және ерікті топ мүшелері қатысты.

Акция барысында тазалық сақтау мен мәдениеттілік, тәлім-тәрбие, қоршаған ортаны ластамау, ағаш отырғызудың сауабы т.б түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, мешіт аумағына теректер егілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру