Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Астана: Шәкірттер арасында «Дін мен дәстүр» кітабы бойынша білім сайысы өтті

Астана қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі muslim.kz 23.11.2026 187 0 пікір
Астана: Шәкірттер арасында «Дін мен дәстүр» кітабы бойынша білім сайысы өтті

Астана қаласында ҚМДБ тарапынан жарық көрген «Дін мен дәстүр» кітабының I, II және III томдары бойынша мешіт шәкірттері арасында білім сайысы өтті. 

Рухани-танымдық сайысқа елордадағы 15 мешіттен бір-бір шәкірттен бақ сынады.

Үш кезеңнен тұрған жарыста қатысушылар кітап мазмұнына қатысты сұрақтарға жауап беріп, діни танымдары мен ұлттық құндылықтар жөніндегі білімдерін ортаға салды.

Іс-шараға Астана қаласының Бас имамы Нұрбек Әуесханұлы бастаған дін қызметкерлері және ҚМДБ Дін мен дәстүр бөлімінің меңгерушісі Марат Дәлелханұлы қатысып, сайысқа қазылық етті.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

І орын – «Әс-Салам» мешітінің шәкірті;
ІІ орын – «Әл-Ғани» мешітінің шәкірті;
ІІІ орын – «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің шәкірті.

Айта кетейік, жүлделі орын иегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру