Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАНТ мүшесі Қостанай жамағатымен кездесті

Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі akmechet.kz 23.11.2026 24 0 пікір
РАНТ мүшесі Қостанай жамағатымен кездесті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы діни оңалту бөлімінің маманы, РАНТ мүшесі Ислам Қаюпов арнайы сапармен Қостанай қаласында болды. 

Спикер алдымен облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде өңірдегі аудан және қала имамдарының біліктілігін арттыруға бағытталған семинар өткізді.

Мұнда қатысушыларға халық арасында ақпараттық-насихаттық жұмысты барынша жандандырып, қызмет барысында терең білім мен біліктілік көрсету аса маңызды екендігіне тоқталды.

Сондай-ақ діни қызметкерлермен кездесіп, деструктивті діни ағымдармен жұмыс істеудің тиімді әдіс-тәсілдері жайлы тәжірибесімен бөлісті.

Ислам Маратұлы сапар барысында қаладағы түзету мекемесінде де болып, жазасын өтеушілермен жүздесті. Мұнда жат діни ағымдардан сақтану және құқықтық жауапкершілік пен қоғамға қайта бейімделу мәселелері талқыланды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру