Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, Ақмола облысы, Көкшетау қаласындағы «Жақия қажы» мешітінің Бас имамы Ұлан Шарипов Ақтөбе облысына сапармен барды.
РАНТ мүшесі алдымен Темір қалалық мешітінде «Исламдағы көрші ақысы және қоғамдық қарым-қатынас әдебі» тақырыбында уағыз айтып, жиылған жамағатты көрші ақысына мән беруге және мұсылманның қоғамға пайдалы болуына шақырды.
Сапар одан әрі Темір ауданының орталығы Шұбарқұдық кентінде жалғасып, Ұлан Беркенбайұлы аудандық жастар ресурстық орталығында жергілікті жастармен өткен «Діни сауаттылық – қоғам талабы» атты дөңгелек үстелге қатысты. Сондай-ақ аудандық «Досжан ишан» мешітінде жамағатқа «Исламдағы бауырмалдық» тақырыбында тағылымды насихат айтты.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
nurgasyr.kz
24.11.2026
75
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру