Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды облысында қайырымдылық пен зекетті насихаттауға арналған шаралар өтті

ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қоры muftyatkz 11.11.2026 43 0 пікір
Қарағанды облысында қайырымдылық пен зекетті насихаттауға арналған шаралар өтті

Қарағанды облысында «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен қайырымдылық жұмыстарын жүйелендіру, зекет институтын жандандыру және қоғамдық белсенділікті арттыруға бағытталған арнайы кездесулер мен семинар өтті. 

Іс-шараға облыстың Бас имамы Естай Айтуғанұлы, «Зекет және қайырымдылық» қорының Астана қаласы бойынша филиал директоры Әли Әзімбекұлы және өңірдегі қайырымдылық саласына жауапты дін қызметкерлері, кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының жетекшілері және белсенді еріктілер қатысты.

Шаралар аясында еріктілерге арналған оқыту семинары өткізіліп, шаруа қожалықтарымен кездесу ұйымдастырылды және 4 түлік малдың зекеті тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүгізілді. Сондай-ақ өңірдің іскер азаматтары мен кәсіпкерлеріне арнайы басқосу ұйымдастырылды.












Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру