ҚМДБ бекіткен «Ислам және адал қоғам» жылы аясында Ақтөбе қалалық орталық мешітінде «Ұлттық құндылық және отбасы институты: дәстүр, тәрбие, болашақ» тақырыбында облыстық рухани-танымдық семинар өтті.
Жиынның ашылуында қаланың бас имамы Алмат Әли қатысып, отбасы институтының қоғамдағы орны мен ұлттық құндылықтарды сақтаудың өзектілігіне тоқталды.
Ауқымды шара аясында арнайы шақырылған РАНТ мүшесі, облыстық орталық мешітінің наиб имамы Жексенбай Торбаев, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» meшітінің наиб имамы Нұрбол Смағұл жиналған ер және әйел жамағатына арнап тағылымды уағыз-насихат айтты. Ал семинардың екінші бөлімі халқымыздың ұлттық салт-дәстүрлерін дәріптеуге арналды.









ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
nurgasyr.kz
10.11.2026
29
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру