Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматыда имамдар арасында футболдан турнир өтті

Алматы қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі azan.kz 10.11.2026 32 0 пікір
Алматыда имамдар арасында футболдан турнир өтті

Алматыда дүниежүзілік жастар күніне орай «Жастар – руханият шамшырағы» атты дін қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өтті. 

Әуезов ауданының имамдары ұйымдастырған спорттық додаға қала мешіттерінің дін қызметкерлерінен құралған 8 команда қатысып, өзара бақ сынасты.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

І орын – Әуезов ауданы;
ІІ орын – Наурызбай ауданы;
ІІІ орын – Түрксіб ауданы.

Сонымен қатар турнирдің үздік ойыншылары анықталды:

Үздік ойыншы: Әбдіқадыров Бақдәулет;
Үздік қақпашы: Алданазаров Жәнібек.

Жарыс соңында турнир қатысушыларын ынталандыру мақсатында жаттығу залына бір жылдық абонементтер сыйға тартылды.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру