Солтүстік Қазақстан облысында «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен зекет пен ұшыр жинау жұмыстарын жүйелендіруге арналған арнайы семинар өтті.
Бас қосудың негізгі мақсаты — өңірдегі қайырымдылық қызметтің тиімділігін арттыру және бұл бағытқа еріктілерді кеңінен тарту.
Іс-шараға СҚО Бас имамы Аян Болатұлы, «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев, сондай-ақ өңірдегі қор өкілдері мен белсенді волонтерлер қатысты.
Семинарда зекет пен ұшырды жинаудың жаңа әдістері, еріктілердің қоғамдағы рөлі, қайырымдылық мәдениеті тақырыптары жан-жақты көтерілді.
Игі іс — эко-акциямен жалғасты. Қатысушылар мен еріктілер Петропавл қалалық мешітінің аумағына ағаш көшеттерін отырғызды.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Зекет және қайырымдылық қорының баспасөз қызметі
02.11.2026
135
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру