Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес Қостанай облысында «Халал Даму» мамандарының қатысуымен бірқатар іс-шара өтті. Жұмыстар халал талаптарын түсіндіруге, кәсіпорындардың жауапкершілігін арттыруға және тұтынушылардың сауаттылығын қалыптастыруға бағытталды.
Іссапар аясында «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлының жетекшілігімен әйел жамағатына арналған «Халал – белгі емес, бұл – аманат» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Кездесуде халал ұғымының мәні, адал ас тұтынудың маңызы және күнделікті өмірде шариғат талаптарын сақтаудың жауапкершілігі түсіндірілді.
Сондай-ақ алғаш рет халал сертификаттаудан өткен кәсіпорын өкілдеріне «QMDB HALAL» куәліктері салтанатты түрде табысталды.
Бұдан бөлек, Қостанай қаласындағы бірқатар кәсіпорында аудит жүргізілді. Мамандар өндірістік үдерістерді, шикізат пен ингредиенттердің құрамын, санитарлық жағдайды және халал талаптарының сақталуын зерделеді.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ «Халал Даму» орталығы
19.10.2026
32
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру