Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырауда қарттар күніне орай кездесу өтті

Атырау облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 01.10.2026 169 0 пікір
Атырауда қарттар күніне орай кездесу өтті

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешітінде мешіт ақсақалдары мен қоғамдық ұйым өкілдерінің қатысуымен тағылымды кездесу өтті.

Жиында Атырау облысының Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы қарияларды мерекемен құттықтап, ақсақалдардың қоғамдағы орны мен кейінгі ұрпақ тәрбиесіндегі рөлінің маңызына тоқталды.

Сондай-ақ бас имам Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Дін мен дәстүр» бағыты аясында атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтіп, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, салт-дәстүр мен діни тағылымды сабақтастыру бағытындағы бастамалар туралы айтты.

Басқосуға Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Сақтайұлы, облыстық билер кеңесінің төрағасы Ақмырза Батырхайырұлы, ардагер журналист Кәрім Бақриденұлы және мешіт ақсақалдары қатысты.

Кездесу барысында қариялар өзара пікір алмасып, жастар тәрбиесі, ұлттық құндылықтарды сақтау және кейінгі буынға өнегелі тәрбие берудің маңызы жөнінде ой бөлісті.

Шара соңында қарияларға құрмет көрсетіліп, Сұлтан Бейбарыс мешітінде ақ дастархан жайылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру