Ақтөбеде облыстық «Нұр Ғасыр» мешіті жанындағы «Шырайлым» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен араб каллиграфиясы бойынша шеберлік сағаты өтті.
Шарада ҚМДБ Ақтөбе облыстық өкілдігі «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі, «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Кенжегүл Қошқарова қатысушыларға араб каллиграфиясының пайда болу тарихы, Ислам өркениетіндегі орны мен рухани маңызы туралы тағылымды мәлімет берді.
Ал тәжірибелік бөлімде осы саланың маманы Гауһар Әліманова араб каллиграфиясы тек көркем жазу емес, терең мән мен нәзік талғамды, сабыр мен асқан шеберлікті ұштастыратын өнер екенін атап өтті.
Сабақ барысында қатысушылар араб әріптерін дұрыс таңбалау, олардың өзара үйлесімділігі мен көркемдік нақышын сақтау әдістерін меңгеріп, тәжірибе жүзінде алғашқы туындыларын жазып шықты.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
nurgasyr.kz
23.11.2026
203
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру