Жаңаөзен қаласындағы «Шаңырақ» мешітінде әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмір жолын насихаттау, сира іліміне деген қызығушылықты арттыру және діни сауаттылықты көтеру мақсатында әйелдер арасында облыстық «Сира» білім жарысы өтті.
Облыстық деңгейде ұйымдастырылған білім сайысына алдын ала 120 адам тіркеліп, 105 қатысушы бақ сынады. Жарысқа Жаңаөзен қаласымен қатар Ақтау қаласы, Сайын Шапағатов ауылы, Құрық, Ақшұқыр және Бейнеу елді мекендерінен қатысушылар арнайы келді.
Білім жарысы Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірбаянына қатысты 90 сұрақтан тұратын тест форматында өтті. Қатысушылардың жинаған ұпайлары негізінде жеңімпаздар анықталды.
Бас жүлдеге Жаңаөзен қаласындағы «Шаңырақ» мешітінің шәкірті Есмұханова Нұрайша ие болып, Ұмра сапарына жолдама алды.
І орын — Әліпбай Тілекші, Жаңаөзен қаласы (100 000 теңге);
ІІ орын — Жұлдызай, Ақтау қаласы (70 000 теңге);
ІІІ орын — Джумагазиева Пердегүл, Ақтау қаласы (50 000 теңге).
Бас жүлде иегеріне Ұмра сапарына жолдама берілсе, жүлделі орын иегерлеріне жалпы сомасы 220 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталды.
Сонымен қатар, жарысқа қатысқан барлық қатысушыларға естелік сыйлық ретінде мотивациялық жазуы бар шоппер және «Сира жарысы» жазуы бар қаламсап табысталды.
Шара барысында жамағаттың діни сауатын арттырып, сира ілімін насихаттауға үлес қосып жүрген ұстаз Жеделбай Алуаға Жаңаөзен қаласы әкімінің атынан Алғыс хат табысталды. Сондай-ақ жамағат атынан ұстазға Ұмра сапарына жолдама сыйға тартылды.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
01.10.2026
114
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру