Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Шейх Заид үлкен мешіті орталығының Бас директоры, доктор Юсуф Абдулла Әл-Убәйдли бастаған делегациясын қабылдады.
Кездесуде тараптар діни саладағы өзара ынтымақтастықты нығайту, тәжірибе алмасу және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Өз кезегінде доктор Юсуф Абдулла Әл-Убәйдли Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының діни-ағарту, қайырымдылық және қоғамдық бағыттағы қызметіне жоғары бағасын білдірді.
Кездесу барысында діни, мәдени және исламдық орталықтарды басқару салаларында тәжірибе алмасу мәселелері де сөз болды.
Сондай-ақ, доктор Юсуф Абдулла Әл-Убәйдли бастаған делегация Астана қаласындағы «Нұр-Сұлтан» мешітін аралап рухани орталықтың тыныс-тіршілігімен танысты. 














ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
24.09.2026
52
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру