Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: Дін қызметкерлері республикалық аттестаттаудан өтті

ҚМДБ Баспасөз қызметі 17.09.2026 20 0 пікір
Павлодар: Дін қызметкерлері республикалық аттестаттаудан өтті

Павлодар облысы бойынша дін қызметкерлерінің кезекті республикалық аттестаттауы өтті. 

ҚМДБ Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес аттестаттауды ҚМДБ-ның арнайы комиссиясы өткізді.

Комиссия құрамына төраға, наиб мүфти Кенжетай Байкемелұлы, Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Асан Әбдіқұлұлы, Оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі Хасан Ташайұлы кірді.

Аттестаттауға Павлодар облысында қызмет атқаратын имамдар, наиб имамдар, ұстаздар мен азаншылар қатысты. Дін қызметкерлері алдымен тестілеуден өтіп, кейін аттестаттаудың негізгі кезеңдеріне қатысты.

Екі күнге созылған аттестаттау барысында дін қызметкерлерінің кәсіби білімі, діни сауаты және қызметтік даярлығы бағаланды.

8fd9053d-d49d-4c55-b7a1-77b8361ca2a6.jpeg

5dcb7483-efda-4f1c-bff8-f3f4dddc8c6b.jpeg

853f789d-29dd-40bb-8a3a-ef8ecc1a236f.jpeg

b0050b06-33b0-4160-8362-742f9ab1f3c9.jpegc4dbf74a-7255-4101-9157-8d6964c1ed5e.jpeg

01bb65ab-aa6c-4fd7-8c23-82da130c942d.jpeg

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру