Алматы қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған XV республикалық Құран жарысына іріктеу сайысы өтті.
Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп, оны өзгелерге үйреткендерің», – деген.
Осы тағылымды хадисті басшылыққа алған байқауда қатысушылар Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын жатқа оқу және мәнерлеп оқу номинациялары бойынша бақ сынады.
Жеңімпаздар:
Құран Кәрімнің 30 парасын жатқа оқу бойынша:
І орын (республикалық жарысқа жолдама) – Абдіқадыров Ғиясжан;
ІІ орын – Айтмахан Диас;
ІІІ орын – Сейтқасым Нұртілеу Серікұлы.
Құран Кәрімнің 20 парасын жатқа оқу бойынша:
І орын (республикалық жарысқа жолдама) – Тұражанов Нұрислам;
ІІ орын – Мырзахмет Махмұт;
ІІІ орын – Шаров Исмар.
Құран Кәрімнің 10 парасын жатқа оқу бойынша:
І орын – Бақыт Қасым;
ІІ орын – Райымбек Мұхаммед;
ІІІ орын – Маханбетұлы Омар.
Құран Кәрімді мәнерлеп оқу бойынша:
І орын – Баубек Бердіғалиұлы;
ІІ орын – Тантақ Берік;
ІІІ орын – Жарқынбекұлы Бақберген.
Сайыс соңында әділ қазылар алқасының мүшелері – ҚМДБ Құран секторының меңгерушісі Серік қари Ахметов, Медеу ауданындағы «Омар ибн әл-Хаттаб» мешітінің бас имамы Данияр қари Жұмабаев және «Хусамуддин әс-Сығанақи» қариларды дайындау ижаза орталығының директоры Ақжолтай қари Бақытжанұлы қатысушылар мен ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.
Сонымен қатар, XV республикалық Құран жарысына жолдама алған жеңімпаз қариларға сәттілік тілеп, алдағы додада жоғары нәтиже көрсетуіне ізгі тілектерін жеткізді.



























ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
24.06.2026
72
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру