ҚМДБ Түркістан облысы өкілдігіне қарасты Төлеби аудандық орталық «Нұр» мешіті, «Ihsan Qaiyrymdylyq Ligasy» турнирінің ұйымдастырушылары және аудан жастарының атсалысуымен өткен «Ihsan Qaiyrymdylyq Ligasy» қайырымдылық лигасының қорытындылау шарасы ұйымдастырылды.
Жиын барысында Төлеби ауданының бас имамы Үсен Саурбаев сөз сөйлеп, қайырымдылық пен бірлікті насихаттайтын игі бастамаға қолдау көрсетіп, ұйымдастыру жұмыстарына белсенді қатысқан барша аудан жастарына алғысын білдіріп, ақ батасын берді.
Жарыс қорытындысы бойынша:
І орын – «Комфорт Строй Сити» командасы;
ІІ орын – «Бауырлар» командасы;
ІІІ орын – «Ленгер Авто» командасы.
Ал кіші кубоктың иегері атанған «Жас Орда» командасы арнайы марапатқа ие болды.
Сондай-ақ жарыс барысында жоғары ойын өрнегін көрсеткен қатысушылар жекелеген номинациялар бойынша анықталып, арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Түркістан облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
05.06.2026
137
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру