Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Бас мүфти кеңесшісі имамдарға арнайы семинар өткізді

Шымкент қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі 05.06.2026 240 0 пікір
Шымкент: Бас мүфти кеңесшісі имамдарға арнайы семинар өткізді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен «Шымкент» медресе-колледжінің ғылыми орталығында имамдардың біліктілігін арттыруға арналған «Мәзһабтардың шығу тарихы» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға Бас мүфти кеңесшісі Смайыл Сейтбеков арнайы қатысып, исламдағы мәзһабтардың қалыптасу тарихы мен даму кезеңдері жөнінде мазмұнды дәріс оқыды. Танымдық кездесуде қатысушылар көкейлеріндегі сауалдарын қойып, жан-жақты жауап алды.

Іс-шара соңында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы ҚМДБ Төрағасының тапсырмасымен арнайы келген ұстаз Смайыл Сейтбековке барша қатысушылар атынан алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру